«Көрімдік» телехикаясы. 18 тамыз, 21:25

«Көрімдік» – әзіл-қалжыңға, шытырман оқиғаларға толы. Режиссері - Төребек Бейсебаев. Туындының әрбір бөлімі кішкентай комедиялық қойылым іспеттес. Әр көрсетілімі шағын әзілден құрылып, әртүрлі қызықты сюжеттермен өрбиді. Ал соңы күтпеген қызықты оқиғамен аяқталады.

«Көрімдіктің» негізі әзіл-қалжыңға құрылғанымен, тәрбиелік тағылымы мол. Денсаулық, білім, ғылым төңірегінде ой қозғап, ұрпақты елжандылыққа үндейді. Екіншіден, жас буынды тазалыққа, тәртіпке, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелейді.