«Қыз жолы» телехикаясы. 19 тамыз, 18:00

Теледрамада апалы-сіңлілі үш қыздың өз мақсаттарына жетудегі бастан өткізген оқиғалары баяндалады. Сюжетте үш қыздың кенжесі Ақерке ауылдағы әжесі қайтыс болғаннан кейін, әпкелерін паналап қалаға көшіп келеді. Өмір қиындығына бірге төтеп беруге бел байлаған үш қыздың хикаясы осыдан басталады.