«Ел Арнаның» жаңа маусымы жаңалыққа толы

Еліміздің тұңғыш кино арнасы классикаға арналған жауһар туындыларымен бүгінгі күннің үздік картиналарын ұсынады. Алғаш рет «Ел Арнаның» эфирінде түркі әлемі және Орталық Азия мемлекеттерінің алтын қорында сақталған фильмдер қазақ тілінде көрсетіледі. Таңқалдырған оқиғалар, ұмытылмас кейіпкерлер және тамсандырған бейнелер біздің арнада.

Жаңа маусым жаңалыққа толы болмақ! Енді отандық киноиндустрияның беделді мамандары «Ашық көрсетілімде» бас қосады. Бұл киносүйер қауымға жүрек қылын қозғаған мықты ленталардың жасалу тарихы, кейіпкерлер мен авторлардың тағдыры, кадрдан тыс қалған дүниелер және белгілі фильмдердің беймәлім деректерін паш ететін ток-шоу. Біз кино көрсетеміз және құпиясы мол кино әлеміне саяхат жасаймыз!