«Алтыншы бекет»

«Хабар» Агенттігі еліміздің Ұлттық Ұланы және «Аю синема» компаниясымен бірлесіп, бүгінгінің батыры жайлы «Алтыншы бекет» фильмін түсірді. Фильм осыдан сегіз жыл бұрын әскерде өз борышын өтеп жүрген Ербол Отарбаев туралы. Өзі қарауылдайтын Ақтаудағы түрмеден 21 жазасын өтеуші қашпақ болады. Ербол Отарбаев жалғыз өзі сол 21-ге қарсы тұрады. Мұндай ерлікке екінің бірі бармасы анық, әрине. Біріншіден, түрмеде отырған адамдар – бұрынғы қылмыскерлер. Және олардың барлығы – діни экстремизмге қатысы барлар. Жауынгердің ерлігін насихаттайтын әрі нағыз патриотизм, қайсарлық пен өжеттікті дәріптейтін фильм 5 сериядан тұрады.