Ұлттық домбыра күні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп белгіледі. Осыған орай елімізде бұрың-соңды болмаған Ұлттық домбыра күні барлық өңірде аталып өтіледі. Ел ордасы Астанада осы күні мыңдаған домбырашы ашық аспан астында «Адай», «Көңілашар», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» секілді күйлерді күмбірлете орындайды. Одан бөлек, халықтық серуен өткізіліп, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Ахмет Жұбанов сынды ұлттық өнер майталмандарына арналған көрме ұйымдастырылмақ.