Презентация

...Біз мөлдір судың түбінде жатқан асыл тастай құнды бейнематериалдар, сирек кездесетін кинокадрлар, өмір өзенімен ағатын жылдардың шежіресін ұсынамыз. Біз кинокітапхана ашамыз. Жаңбырдың тамшысындай үзіліп түсіп, сананы селт еткізген оқиғалар. Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен алмағайып заманда "елім" деп жанын қиған даңқты қолбасшылар, асау дариядай арқалы азаматтар, тұмадай тұнық таланттар туралы деректі фильмдер, телехикаялар, көркем кинокартиналар көрсетеміз. Көрерменнің көңілін толқытқан кейіпкерлер, Сарқыраманың қуатындай мықты туындылар, беделді режиссерлердің ленталары, жас толқынның жұмыстары, қысқа метражды фильмдер, иірімі мол авторлық кинолар, әлемдік кинолардың жарысында жүзіп, жеңіске жеткен картиналар, тәулігіне 24 сағат тек біздің арнада мұхиттай шексіз адалдық, теңіз толқынындай асау тағдыр, тұңғиықтай терең тарих, сыбызғы үнді балбұлақтай мөлдір махаббат біздің кинода. "Ел Арна" - мәңгілік елдің мұрасы!