Телеарна туралы

ЕЛ АРНА – тек қана отандық көркем фильмдер мен деректі жобаларды көрсететін еліміздегі тұңғыш телеарна. Біз көреремендердің сүйіспеншілігіне бөленіп қана қоймай, кәсіби киносыншылардың жоғары бағасына ие болған ең үздік туындыларды таңдадық. Эфир уақытының 80 пайызы толық метражды киноларға тиесілі. Яғни, заманауи туындылар, қазақ киносының алтын қоры, халықаралық кинофестивальдерге қатысушы және жүлдегер фильмдерді тамашалауға мүмкіндік болады. Эфирде деректі киноға да ерекше рөл беріледі. Өйткені арнаның міндеті – кинематографтағы аталмыш жанрдың қалың көрерменге жол тартуына ықпал ету. Осы орайда, тек ретроспективалар ғана емес, сонымен қатар, елдің бай тарихи-мәдени мұрасын паш ететін өткен жылдарда түсірілген сүйікті тележобалар арна аудиториясының назарына ұсынылады.

Телеарнаны бағдардамалау саясаты өмірдің қазіргі ағымына сәйкес форматта жасалған. Жұмыс күндерінің кестесінде көркем фильмдер мен деректі жобалар қойылған. Демалыс күндері телехикаялардың 3-4 бөлімі нон-стоп режимінде бірден көрсетіледі. Яғни, киносүйер қауым бір айдың ішінде хикаяны соңына дейін көріп шыға алады.

Қазіргі уақытта арна фестивальге арналған кино, тәуелсіз кинематограф фильмдері, жас режиссерлердің туындылары және қысқа метрден тұратын жобалардың каталогын құрастырып жатыр. Телеарна кино мектептер, қазақстандық кинофестивальдер, сонымен қатар, профильдік жоғарғы оқу орындарымен байланыста жұмыс істейді. Бұл арқылы телеарна шығармашылығын енді ғана бастаған жас кинематографистерге қолдау көрсетіп, авторлардың өз жұмыстары туралы баяндауына, ал көрермендерің жаңа киноны тамашалауына жол ашып отыр.

Телеарнаның алға қойған мақсаты – ұлттық кинофильмдерді насихаттау және өнердің бұл түріне айрықша көзқарас қалыптастыру.

ЕЛ-АРНА – мәңгілік елдің мұрасы!