Фоторепортаж: XVI Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты

Астанада ХІV Еуразия халықаралық кинофестивалі басталды. Астанаға әлемге танымал және қазақстандық кино саласының майталмандары келді. Олардың арасында, француз актері Венсан Кассель, сербиялық режиссер Эмир Кустурица, қазақстандық актриса Самал Еслямова, серб кинорежиссері жəне актері Эмир Кустурица, «Оскар» жүлдесінің иегері режиссер-монтажер Габриэлла Кристиани, танымал актриса Леа Сейду, Равшана Куркова және Андрей Соколов сынды ресейлік әртістер бар. 1 апта бойы қала тұрғындары мен қонақтары түрлі картиналарды тамашалай алады. Фестиваль жеңімпаздарын анықтайтын қазылар алқасының мүшелері де өз жұмысына кірісуге дайын. 

Айта кетейік, олар 8 секцияға бөлінген. Кинофестивальге қатысушылар, толық және қысқа метражды фильмдер, әлем киносы, деректі фильм бөлімдері бойынша өз туындыларын көрсете алады.