No comments. КСРО және ҚР Халық әртісі А.Әшімовты «Кинематографқа қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесімен марапаттау рәсімі

Астанада ХІV Еуразия халықаралық кинофестивалі басталды. Шараға әлемге танымал және қазақстандық кино саласының майталмандары келді. Олардың арасында француз актері Венсан Кассель, сербиялық режиссер Эмир Кустурица, қазақстандық актриса Самал Еслямова, серб кинорежиссері жəне актері Эмир Кустурица, «Оскар» жүлдесінің иегері режиссер-монтажер Габриэлла Кристиани, танымал актриса Леа Сейду, Равшана Куркова және Андрей Соколов сынды ресейлік әртістер бар. 1 апта бойы қала тұрғындары мен қонақтары түрлі картиналарды тамашалайды. КСРО және ҚР Халық әртісі А.Әшімовты «Кинематографқа қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесімен марапаттау рәсімі өтті.