Қызыл кілем. XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қызыл кілемімен кино және театр саласының тарландары – актер Венсан Кассель, кинорежиссер Эмир Кустурица, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, актриса Самал Еслямова, ресейлік-полшалық актер Милош Бикович, режиссерлар Ғазиз Насыров және Азат Хакиров, Нұржұман Ихтымбаев, Сатыбалды Нарымбетов, Ермек Тұрсынов, Әсел Сағатова, Айнұр Ильясова, Асылхан Төлепов, Дина Тасболатова және басқалары жүріп өтті.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халық әртісі Айман Мұсақожаева, режиссер, ҚазҰӨУ-нің «Кино и ТВ» кафедрасының меңгерушісі Ерлан Нұрмұхамбетов те қызыл кілеммен жүрді. Фестивальға қатысушыларды және қонақтарды Артур Төлепов пен Гүлнар Силбаева қарсы алды.