XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты

1 шілдеде Астана төрінде XIV Халықаралық «Еуразия» фестивалінің ашылу салтанаты болды. Фестивальдің алғашқы күні шетелдік кино жұлдыздармен бірге баспасөз конференция ұйымдастырылды. Фестивальға қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтті. Жұлдыздардың қатысуымен өткен сербиялық музыкант, режиссер Эмир Кустурицаның концерті ерекше есте қалды.

Сонымен бірге «Евразия-2018» кинофестивалінің ашылу салтанатында Асанәлі Әшімов пен Самал Еслямова «Отандық киноның дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы марапатталды.