Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмнің түсірілім алаңынан фоторепортаж

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Олимпиада чемпионы болған бірінші қазақ – Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жеңімпаз» атты толықметрлі көркем фильмнің түсірілім жұмыстарын бастап кетті. Картина Кеңес Одағының классикалық күресшісі, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтың өмірін баяндайды.

Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.