«Қараш-қараш оқиғасы» / 17 мамыр, 20:00

«Қараш-Қараш оқиғасы» немесе «Асуда атылған оқ» – Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» шығармасының желісімен 1968 жылы «Қазақфильм» және «Қырғызфильм» студиялары бірігіп түсірген көркем фильм. Фильмге XX ғасырдың белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың (Бақтығұлдың прототипі) басынан кешкен шынайы оқиға арқау болған. Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.