«Хабар» телеарнасында көптен күткен «Келінжан 3» телехикаясы жарыққа шықты

«Хабар» телеарнасында көптен күткен «Келінжан 3» телехикаясы жарыққа шықты

«Келінжан» телехикаясының бірінші, екінші маусымынан кейін көп көрерменнің сұрауы бойынша «Келінжан 3» телехикаясы жарыққа шықты. Үлкенді сыйлау, отбасын сақтап қалу, ауылда да тамаша өмір бар екенін дәріптеуді мақсат еткен телехикаяның үшінші маусымы алдыңғы маусымдардан да қызығырақ. Бұл туындының ерекшелігі – шынайылығында. «Келінжан 3» Қылышбек пен Айсараның отбасындағы өзгерістен басталады. Мәдібек пен Балқия ауылдағы дүкендерін дөңгелетіп, Балқияның кәдімгідей кәсіпкерлік қабілеті бар боп шығады. Асқар мен Асылым қалаға бөлек шыққалы жиі араздасатын болады. Сөйтіп Күлімхан апаның ұйқысыз түндері мен тынышсыз күндері басталады. Жаңа маусымда жаңа кейіпкерлер де бар. «Келінжан-3» телехикаясының үшінші маусымы 15 бөлімнен тұрады. 

Сүйікті сериалдарыңыздың қызыққа толы жаңа маусымын бірге тамашалауға шақырамыз!