Junior Eurovision-2021: 7 қазан Ұлттық іріктеу қазылар алқасының отырысы өтеді

Junior Eurovision-2021: 7 қазан Ұлттық іріктеу қазылар алқасының отырысы өтеді

Ұлттық іріктеуге өтінімдерді қабылдау 6 қазан күні 00:00-ге дейін жалғасады.

7 қазан күні сағат 19.00-де Қазмедиа орталығының 21-қабатында «Балалар Евровидениесі 2021» халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының отырысы өтеді.

Ұлттық іріктеу кезеңінде қазылар алқасының мүшелері келесі jevision.khabar.kz сайтында интернет-дауыс беру кезеңіне өтетін өтінімдердің арасынан ең мықты 30 қатысушыны таңдайды. Интернет-дауыс беру қорытындысы негізінде 19 желтоқсан күні Парижде өтетін финалда Қазақстанның атынан шығу құқығы үшін жарысатын 10 финалистің есімдері анықталады.

Бірінші кезеңнің қорытындысы Ұлттық іріктеудің jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланады.