«Junior Eurovision-2021»: онлайн дауыс беру басталды

«Junior Eurovision-2021»: онлайн дауыс беру басталды

7 қазан күні «Junior Eurovision-2021» халықаралық ән байқауы Ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы финалға өту үшін бақ сынасатын 30 қатысушыны анықтады. Онлайн-дауыс беру jevision.khabar.kz сайтында басталды.

Еске сала кетейік, Ұлттық іріктеудің бірінші кезеңі 29 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасты. Қазақстанның барлық өңірінен барлығы 819 өтінім келіп түсті. Келесі кезеңге өткен 30 қатысушының тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды. Онлайн-дауыс беру 12 қазанға дейін жалғасады. Сондай-ақ «Junior Eurovision-2021» Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының тізімі белгілі болды.

Олар:

- Сазгер, музыканы көркемдеуші, екі рет «Балалар Евровидениесінде» 2 орынға ие болған әндердің авторы, «Қазақстан дауысы-2021» жобасының музыкалық продюсері – Хамит Шаңғалиев;

- Қазақстанның эстрада әншісі, «Жас Қанат» жастар байқауының жеңімпазы (1999 ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Мәдина Сәдуақасова; - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Паланга-2019» халықаралық байқауының жеңімпазы, «Славян базары-2020» халықаралық байқауының 3 орын иегері – Бексұлтан Кенішқалиев;

- Әнші, жыл сайынғы «Бақытты бала» фестивалін ұйымдастырушы «DimashАli» продюсерлік орталығының директоры – Қанат Айтбаев;

- Продюсер, сазгер, музыканы көркемдеуші, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері – Ерлан Бекчурин;

- Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», «Бозторғай», «Шаттық» халықаралық конкурстарының директоры, Халықаралық конкурстар мен фестивальдар ассоциациясының мүшесі, «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестиваліндегі Қазақстанның ресми өкілі – Қарлығаш Әбдікәрімова;

- Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры.