Туған күніңмен, «Хабар» Агенттігі!

Туған күніңмен, «Хабар» Агенттігі!

Төрт арнаның басын біріктірген телеотбасы – «Хабар» Агенттігіне 26 жыл!
«Хабар» – көп түйіннің күрмеуін шешер сараптамалық бағдарламалар, елді елең еткізер телешоулар мен сан қилы тағдырлар тоғысқан жаңа телехикаялар.
«Хабар 24» – сағат сайын тікелей эфир, өзекті тақырыптар, нақты деректер және объективті көзқарас.
QAZAQ TV – қазақтың дархан даласына саяхат, «байланыс аясынан тыс жердегі» қызықтар және аты аңызға айналған тау тұлғалар.
El ARNA – отандық кино әлемінің жауһарлары, руханият пен мәдениет, саф өнер.
Айта кетейік, «Хабар» Агенттігі алғаш 1995 жылдың 23 қазанында эфирге жаңалық ұсынған.