Тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарна туған күнін атап өтуде

Тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарна  туған күнін атап өтуде

Qazaq TV арнасы алғаш рет 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet атауымен көрерменге жол тартты. Бүгінгі таңда Qazaq TV заманауи Қазақстанның өмірін көрсететін имидждік жобаға айналған. Арна эфирінде еліміздің қоғамдық және мәдени өміріндегі басты оқиғалар көрсетіледі. Телеарнаның мазмұндық толтырылуы қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, елдің табиғаты мен көрнекті тұлғаларын таныстыратын жобалардан тұрады.

Телехабарлар таратылымы қазақ, ағылшын, орыс, өзбек, сондай-ақ қырғыз тілдерінде жүреді. Тәулік бойы жұмыс істейтін телеарна көрермендерге қажетті дыбысталуды таңдау мүмкіндігін ұсынады.