1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы дата – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын символы. Бұл мейрам бізді бұрынғыдан гөрі жақындастырып, еліміздің басты құндылығы саналатын бірлігімізді нығайта түссін!