Алимент: Қашқын әкелер. «100 кеңес»

Ажырасу. Қоғамды дендеген тағы бір дерт. Астарында тұтас бір ұлттың трагедиясы жатқанын сезе бермейміз-ау. Уық сынып, кереге сөгіледі, жазықсыз баланың көз жасы төгіледі. Статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда үш некенің бірі ажырасып жатыр. Өкініштісі алимент төлеуден жалтарып жүрген безбүйрек әкелер саны жылдан жылға артып келеді. Олай болса, көп қозғалып жүрген алимент мәселесін талқылаймыз.