Адам саудасы. «100 кеңес»

Ең ірі заңсыз бизнестердің бірі, әділетсіздіктің шегі, аяусыз, қанқұйлы қылмыс. Бұл – адам саудасы. Күні бүгінге дейін адамзатты алаңдатқан мәселе қазіргі өркениетті қоғамның айықпас дертіне айналды. Өкінішке орай, бүгінге дейін елімізде адам саудасымен күресті реттейтін арнайы Заң болған жоқ. Ендігі кезекте Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігі «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр.