«Ашық көрсетілім».«Алмас қылыш» – қазақ киносының алтын таспасы

Тарихи туындының сценариі атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» романының негізінде, қосымша қазақ жазушылары мен тарихшыларының, әсіресе орта ғасырлық жылнамашылардың еңбектеріне сүйене отырып жазылған. Бұл жауапты жұмыс белгілі қаламгер Смағұл Елубай, киносценариші Тимур Жақсылықов және фильмнің режиссері Рүстем Әбдіраштың өзіне жүктелген.