«Ашық көрсетілім». Сәбит Құрманбековтің «Әурелең» фильмі

Фильмнің басты кейіпкері Гиннестің рекордтар кітабына кіру үшін «Бір қойдың етін бір өзің же» деп, досына ұсыныс жасайды. Оқиға Бәйтерек ауылында өтеді. Кино сыншысы Бауыржан Нөгербектiң айтуынша, «Әурелең» – нағыз халықтық фильм. Ол фильмнiң болашақта қалың бұқараның ыстық ықыласына бөленетiндiгiне сенiмдi.