«Ашық көрсетілім». Азамат Сатыбалдының «Бір сен үшін» фильмі

Әрбір жарыққа шыққан фильмнің астарында ой жатуы маңызды. Кез келген сапалы кино көрерменді толғандыруы қажет. Қуанарлығы сол, соңғы кезде елімізде отандық режиссерлер түсірген сапалы кинофильмдердің қатары көбейді.

Соның бірі – продюсер Азамат Сатыбалдының «Бір сен үшін» кинотуындысы. Мелодрама жанрындағы фильмді көрермен жылы қабылдады.