«Ашық көрсетілім». Режиссер Досхан Жолжақсынов «Құнанбай» фильмі

Көкейімізде Құнанбайды айтсақ Абай, Абайды айтсақ Құнанбай тұрады. Ал Құнанбай бейнесі бізге Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы таныс. Яғни оқырман санасында ол бірбеткей, қыңыр, салмақты кейіпкер ретінде қалыптасты.

Ал режиссер Досхан Жолжақсынов «Құнанбай» фильмінде тарихи тұлғаның бейнесін көрерменге өзге қырынан таныстырды.