«Ашық көрсетілім». Данияр Саламаттың «Әкем екеуміз» кинотуындысы

«Әкем екеуміз» – қазақ өмірінің модернизациялану үстіндегі көрінісін қамтитын фильм. Туындыда тоқырауға ұшыраған халықтың ауылдан қалаға көшуі, қаладағы жұпыны өмір негізгі сюжет арнасы болып табылады. Ал негізгі оқиға әкесі мен баласының шағын жатақхананы паналауынан туындайды.