«Ашық көрсетілім». «Бауыр» көркем фильмі

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі ең алғаш 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілген болатын. Аталмыш шарадан кейін «Бауыр» фильмі IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, екі бірдей жүлдеге – «Үздік режиссер» және НЕТПАК жүлделеріне қол жеткізді.