«Кенже» көркем фильмі. «Ашық көрсетілім»

«Кенже» – Ермек Тұрсыновтың фильмі. Бұл – ата-анасынан ерте айырылған ағайындылар туралы кино. Ауылдағы балалар үйіне орналастырылған бауырлар қалаға қашып кетеді. Арада біраз уақыт өткенде ағайындылар кісі өлтіруге тапсырыс қабылдап, табыс таба бастайды. Бас кейіпкерлер сатқындықты, түңілу мен қатыгездікті бастан өткереді.