«Балкон» фильмі. «Ашық көрсетілім»

Бүгінгі бағдарламада Олжас Сүлейменов поэзиясы бойынша режиссер Қалықбек Салықов түсірген «Балкон» кеңестік көркем фильмі туралы сөз ететін боламыз. Фильм 1950 жылдардың басында Алматыдағы Сталин дәуіріндегі аула балаларының өмірі туралы баяндайды. Қала «аудандарға» бөлініп, жасөспірім бандалар құрылып, олардың әрқайсысы өз кварталдары мен аулаларын, өз аумағын «күзетеді». Бағдарлама қатысушылары: Гүлзат Көбек - жүргізуші, киносыншы; Сәкен Тұрдиев - өнертанушы; Мейірім Ерболатқызы - психолог