«Сын сардары – Әшірбек Сығай» деректі фильмі. «Ашық көрсетілім»

«Сын сардары – Әшірбек Сығай» атты фильмде қоғам қайраткерінің өмір жолы, өнерге сіңірген еңбегі баяндалған. Оны жарыққа шығаруға режиссер Қалила Омаров бастаған шығармашылық топ бір жыл уақыт еңбек еткен. Яғни бір сағаттық деректі фильмді түсіру үшін олар кезінде Әшірбек Сығайдың өзімен бірге туған жерін аралап, Ресейдің бірқатар қалаларына дейін барып қайтқан. Тіпті марқұм өзі жайлы фильмді көріп, бағасын да берген екен. 70 жылдық мерейтойына орай түсірілген фильмнің тұсаукесерін кейіпкердің өзі көре алмай кеткені өкінішті. Бағдарлама қатысушылары: Гүлзат Көбек, кинотанушы Қалила Омаров, кинорежиссер Қанат Төребай, кинопродюсер