Иманжан Ержан – дәстүрлі әнші. Comedy teens

Көптеген байқауда жүлделі орын иегері атанып жүрген Иманжан ұлттық музыкалық өнеріне деген махаббатын жеткізіп, дәстүрлі әнге алып келген әжесіне алғысын айтады. Армандары мен мақсаттары жайлы сөз қозғайды. Қос ішекті қара домбырасымен ән айтып, өнерін паш етеді. Ержан Иманжан – дәстүрлі әнші, Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернатының оқушысы, дәстүрлі ән байқауларының I, II, III орын иегері.