«Денсаулық философиясы». Карантин және балалар

Коронавирус инфекциясы бүкіл әлемді өзгертті. Үйреншікті өмір салтынан бас тартып, жаңа ережеге бағынуға тура келді. Қазіргі өміріміздің үлкен бөлігі онлайн режимде өтіп жатыр. Бұл жаңа талаптар балаларға да өз әсерін тигізбей қоймады. Сол себепті «Денсаулық философиясы» бағдарламасының бұл шығарылымы карантиндегі балалардың физикалық денсаулығы мен психологиялық жағдайын сақтауға арналады.