Әлеуметтік желіде ақылын сатып жүргендерге заң қатал ма? «Freshman»

2000 жылдан кейін туғандарды ғаламтордың «табиғи тұрғындары» деуге де болады. Дегенмен бүгінгі қоғамға желіде желдей ескен ақпараттар мен кеңестердің пайдасы бар ма? Дұрыс идеология ұстанған жас ұрпақ қана болашақтың кілтін қолына ала алады емес пе?! Ендеше, интернеттегі ақпаратты сүзгіден өткізудің жолы қандай? Әлеуметтік желіде ақылын сатып жүргендерге заң қатал ма? Тренинг өткіземін деп оңай ақша тауып жүрген блогерлерге алданбаудың жолдары қандай? Осы жөне өзге де ақпаратты бүгінгі бағдарламада талқылаймыз.

Студия қонақтары:

1. Елдос Сансызбаев, SMM маманы;

2. Бибігүл Шайхиева, бизнес-тренер;

3. Рауана Сағадиева, психолог;

4. Қадыржан Молдашәріп, заңгер;

5. Нұрбақыт Төреханов, инфорпродюсер;

6. Мадина Лашбай, бизнес-тренерлердің оқырманы.