Ақан Сатаев. «ИнфоSHARE»

Ақан Сатаев. «ИнфоSHARE»

Тәуелсіздіктің елең-алаңымен араласа қазақ киносына шоқ жұлдыздай жарқырап бір шоғыр кинорежиссерлер легі келді. Солардың алдыңғы қатарында Ақан Сатаев есімі тұр. Ол шынайы өмірдің шытырман оқиғаларына құрылған «Рэкетир», «Бизнесмендер» сынды фильмдерден соң «Жаужүрек мың бала» атты тарихи көркем суретті фильм түсіріп, тәуелсіз қазақ жастарының рухын асқақтатса, «Анаға апарар жол» фильмі арқылы қазақ халқының басынан кешкен қиындықтарымен қоса, алаш азаматының адал махаббатын, кесек кісілік келбетін сомдады. Ел көңілінен ерекше орын алған сол фильмі үшін режиссерге 2018 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді. Сондай-ақ ол «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Көшбасшы жолы. Астана» атты алтыншы бөлімін түсірді. «Томирис» атты тарихи фильмді де таспалады. Ақан Сатаев «Ұлы дала таңы» фильмі премерасының алдында жас мамандармен кездесуді жөн көрді. Сол сәтте білім іздеген жастарға бағыт беретін біздің бағдарламамызға да сұхбат беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.