Мұнай өндірісін арттыруға бағытталған жобалар. «Labs.kz»

Бүгінгі таңда мұнай –ең танымал шикізат екені рас. Оны бөлшексауда да, биржада да, тіпті, тауар фьючерстері арқылы да сататыны рас. Күнделікті қолданып жүрген жоғары технологиялық құралдардың барлығы мұнай шикізатынан жасалған. Осы орайда, Назарбаев Университетінің мұнай инжиниринг зертханасының ғалымдары мұнай өндірісін арттыру бойынша технология жасауда. Мұнай өндірісіне мейлінше ұқсас орын жасау үшін университетте ұңғымаларды бұрғылау процессін көз алдыңызға келтіре алатын симулятор-зертханалар бар. Жетілдірілген симуляторлардың көмегімен, кен орынына бармай-ақ, ұңғыманы бақылау, бұрғылау, цементтеу ісіне қатысып жүргендей боласыз.

Бағдарламаға қатысушылар: Мухаммад Рехан Хашмет, Назарбаев Университетінің тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры; Қасымжомарт Ұласбек, Назарбаев Университетінің тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің магистранты; Ғалым Сәпенов, Назарбаев Университетінің тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі зертханасының ассистенті