«Medsupportkz» жобасы. «Labs.kz»

«Medsupportkz» дәрігерлерге жедел ақпараттық көмек көрсету жобасы ретінде пайда болды. Бірақ, кейін жалпыға арналған көмек көрсететін ресурсқа айналды: дәрігерлерге де, емделушілерге де. Ковид жұқтырған кезде не істерін білмейтін қант диабетімен ауыратындар мен вакцинациялау қажеттілігіне күмәнмен қарайтындар осы жобаға жүгінеді. Пандемия кезінде жалған ақпарат ағынына қарсы волонтерлер, дәрігерлер, ғалымдар және жай ғана қамқор адамдар тексерілген ақпарат аралын құру үшін біріккен болатын. Бағдарламаға қатысушылар: Тұрсунова Ақмарал, «Medsupportkz» жобасының негізін қалаушы, дәрігерлер мен емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі заңгер Нұргүл Шеруенова, «Мedsupportkz» жобаның волонтері Мұса Едігенов, «Мedsupportkz» жобаның волонтері