Тұңғышбай Әл-Таразидің кейінгі ұрпаққа кеңесі мен ақылы. «Мен»

Қазақтың бірегей тұлғасы, ұлттық өнер мен мәдениеттің ірі өкілдерінің бірі, Қазақстанның Халық артисі, театр және кино актері Тұңғышбай Әл-Таразидің кейінгі ұрпаққа деген кеңесі, ақылы «Мен» бағдарламасында.

Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған) — актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1992). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006). Парасат және Достық ордендерінің иегері.