Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханұлының туғанына 155 жыл. «Өткеннің өшпес өрнегі»

Биыл қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толды.

Әлихан Бөкейханұлы бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана екенін айтып кеткен. Кең байтақ қазақ даласын дүр сілкіндірген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін «оян, қазақ» деп атой салған алаш ардақтылары партия құрып, үкімет орнатты. Әлихан Бөкейханов сынды тұлғаны көшбасшы деп таныды.