31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. «Өткеннің өшпес өрнегі»

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді. Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды. Бағдарламаға қатысушылар: Мұратбек Иманғазинов, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры Мейіржан Мұсабаев , «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайының меңгерушісі Сейдулла Абдуллаев - Логистика және көлік академиясының проректоры Нұргүл Жауынбаева І.Жансүгіров әдеби мұражайының меңгерушісі Бейбіт Қойшыбаев тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері