Тоғыз саны (екінші бөлім). «Пифагор»

Қазақ ауыз әдебиетінде «үш», «жеті» сандарымен қатар, тоғыз саны да қасиетті саналады. Тіпті қазақ фольклорында «тоғыз жолдың торабы», «тоғыз қабат торқа», «тоғыз жау», «тоғыз айып таратты», «тоғыз қырлы, тоқсан сырлы» деген культтік фразеологизмдер де бар. Сөзге шешен қазақ халқы әр сөзді ретімен, жөн-жоралғысына сай айтқан. Тоғыз беру дәстүрі туралы не білеміз? Адамның логикасы мен шапшаңдығын шыңдайтын Рубиктің кубигі бас қатырғыш ойыншығында да тоғыз шаршы бар. Ал бұл құрал қалай пайда болды? Данияр Бибатыр, жүргізуші; Арман Әубәкір, этнограф; Жанар Алиева, жоғары санатты акушер-гинеколог; Ұлпан Әхиятова, студент; Хангелді Серік, студент; Бағдат Мүптекеқызы, этнограф.