«Сахна сыртындағы сыр». «Шағала» спектаклі

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры А.Чеховтың атақты шығармаларының бірі саналатын «Шағаланы» ерекше форматта, жаңа үлгіде сахналады. Ендеше, бүгін спектакльдің декорациясы, реквизиттердің символдық мағынасы, режиссерлік шешім мен актерлердің шығармашылық ізденісі туралы сыр шертеміз.

Бағдарламаға қатысушылар:

Данияр Базарқұлов, театрдың көркемдік жетекшісі;

Ерболат Қайырбеков, театрдың сахна қойылымы бөлімінің меңгерушісі;

Гүлназым Маратқызы, актриса;

Әлихан Кәрібаев, актер;

Жанар Мақашева, театр және кино актрисасы;

Бекзат Бейсембекова, театрдың бет әрлеушісі;