«Бес бойдаққа бір той» қойылымы. «Сахна сыртындағы сыр»

Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды. Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның төрт ұлы. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек… Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі. #Сахнасыртындағысыр #бесбойдаққабіртой #бойдақтар #бесбойдақ #еларнабағдарлама #қойылым #театр #әзілқойылым #қазақықалжыңдар #театржәнекино #еларна #сахнаеларна