Мұқағали Мақатаев туралы фильм. «Сахна сыртындағы сыр»

Оның өмірі тым қысқа болды. Қазақтың маңдайына біткен ақиық ақын, лирик ақын, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев небәрі 45 жасында дүниеден озды. Қазақ поэзиясының Құлагеріне, қазақ поэзиясының символына айналды. Өкініштісі, көзі тірісінде лайықты бағасын алып үлгермеді. Бірақ, қазақ барда Мақатаев поэзиясы мәңгі жасай бермек. Шығармашылығымен етене танысып, өмірін зерттеп жүрген Мұқағалитанушылар қаншама. Деректі жобалар да жетерлік. Алайда, мәртебесі биік ақын туралы бірде-бір толықметражды көркем фильм түсірілмепті. Олқылықты түзеуге танымал режиссер Болат Қалымбетов кірісті. Бағдарлама қатысушылары: Болат Қалымбетов - қоюшы-режиссёр Едіге Несіпбеков - қоюшы-оператор Бақытжан Қажымұқанов - актер