Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы Алтынай Нөгербек. «Шеберлік дәріс»

Алтынай Нөгербек — қазіргі қазақ сахнасы мен экранының жарық жұлдызы. Өнерде аналар бейнесінің әдемі галереясын жасап келе жатқан талантты актриса. Ол сомдаған кейіпкерлер өзінің күндей нұрлы жылуымен, тереңдігімен, шынайылығымен көңіл түкпірінен орын алады. Алтынайдың рөлдерінен бұрын ең әуелі жаны сұлу. Сондықтан болса керек, әр рөлі бірінен бірі өтер ерекшелікке ие, жүрекке жақын. Өз замандастарының ішінен бірінші болып оза шығып, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты атанған өнер иесімен театр және кино әлемінің қызығы мен қиындығы турасында әңгіме өрбіткен едік.

Бағдарламаға қатысушы: Алтынай Нөгербек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының иегері, театр және кино актрисасы