Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразбеков Әлімбек Тоқтарұлы. «Шеберлік дәріс»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Әлімбек Оразбеков өзінің өнер әлеміндегі тәжірибесімен бөлісіп, театр тақырыбындағы ойларын ортаға салады. Әлімбек Оразбеков 1953 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар селосында дүниеге келді. 1971-1975 ж.ж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетінің актер бөлімін бітірген. 1975 ж. Талдықорған облыстық қазақ драма театрында 15 жыл актер қызметін атқарды. 1990-1993 ж.ж. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының режиссура факультетін тәмамдап, сол жылы Талдықорған облыстық қазақ драма театрына режиссер болып орналасты. 1994 жылы Мәдениет министірлігінің жолдамасымен Қарағанды облыстық қазақ драма театрының бас режиссері болып тағайындалды. 2000 жылдан бастап Қарағанды облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері қызметін атқарды. 2009 жылы арнайы шақыртумен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері болып тағайындалды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры.