Травматолог-ортопед Сейдалы Абдалиев. «Шеберлік дәріс»

Абдалиев Сейдалы Сапарғалиұлы – Астана ТОҒЗИ ғылыми қызметкері (травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты), травматолог-ортопед 2017 жылы әріптестерімен бірігіп, туа бітті сколиозы бар балалардың омыртқасын түзету бойынша бірқатар сәтті ота жасаған. ТОҒЗИ базасында 5 жасқа дейінгі балалардың омыртқаларына 20 операция жасалды. Ол үшін институтта арнайы бөлім ашылып, қажетті барлық озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған. Ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында бөлім қызметкерлері туа бітті және идиопатикалық сколиоздарды операциялық емдеуден кейінгі қалдық деформациялардың алдын алу, анықтау және емдеу технологияларын жасап, жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.