Жақсы сөз - жарым ырыс. «Ауыл кеші көңілді»

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры. Мәдениет үйінің гримері жұлдыз-жорамалдағы ақпаратқа сүйеніп, директордың орынбасарына қиын күн күтіп тұрғанын, әсіресе адамдармен қарым-қатынас жасау барысында сақ болу керектігін ескертеді. Орынбасар оған сеніп, «бүгін менің жолым болмайды» деп әр қызметкерден жамандық күтіп жүреді. Расымен, жұмыс барысында түрлі проблемалар орын ла бастайды. Сондай-ақ орынбасар осы сәттерде буфетші қызды ренжітіп алады. Бірақ, гример қыз басқа күннің жорамалын оқығанын білгенде, орынбасар өз-өзіне проблеманы айта беріп, өзін соған сендіріп тастағанын түсінеді.