Кәукен Кенжетаевтың Аққу домбырасы. «Заттар жайлы ақпар»

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Ғасырлар үні атты көрме бар. Көрменің инсталляциясы майталман тұлғалардың домбыраларынан жасалды. Көрмеге Кәукен Кенжетаевтың Аққу домбырасы қойылған. Сол домбыраның тарихына тереңінен үңілеміз.

Бағдарлама қатысушылары: Қайыров Ербол Мәтіұлы - Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы; Сартай Қайдаров- ақын, шежіреші, қолөнер шебері; Ботагузова Тынышгүл - музей қызметкері.