Амалсыз қарыз. «Жаңа қадам»

«Онлайн несие опық жегізді». Елімізде несиесін төлей алмай, қара тізімге енгендер саны 1,5 млн адамнан асып барады. Халықтың банк пен шағын несие ұйымдарына берешегі 13 трлн теңге, яғни халқымыздың 7,5 млн-да қарыз бар. Төлем қабілеті нашарласа банк пен шағын несие ұйымдарынан қандай көмек бар? Несие каникулы қандай жағдай да беріледі? Қарыз алуға деген тәуелділіктің алдын алу үшін не істеу керек? Жауабын бірге іздейміз.