Құны қанша? «Жаңа қадам»

Бұл екі миллион теңге. Елдегі орташа жалақы алатын адамдардың сегіз айлық табысы. Топ әншілердің жарты сағаттық бағасы. Иә, сіз бен біз жұлдыз деп жүрген жандардың қуанышыңызды бөлісу үшін сұрайтын құны осындай. Біздің мақсат біреудің қалтасын қарап, қаржысын санау емес. Табысына таласпаймыз. Тек, сол тауып жатқанынан салық төлеп, заңға бағынатындары бар ма, әлде, өздері қалап алған қағидамен жүре ме?